Рубрика: Іс шаралар

2026 жылдың 5 маусымында қалалық қауымдастық мектепке дейінгі мекеме педагогтері арасында «Спорт – сенің серігің» атты тартысты спорттық байқау өтті.

2026 жылдың 5 маусымында қалалық қауымдастық мектепке дейінгі мекеме педагогтері арасында «Спорт – сенің серігің» атты тартысты спорттық байқау өтті. Аталған додада біздің ұжымның мақтанышы — Данагүл Қожабергенқызы жоғары дайындық пен кәсіби шеберлік танытып, «Үздік тәлімгер» номинациясын иеленді!Бала жанының бағбаны болып, жас ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттап жүрген әріптесімізді осынау үлкен жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!Шығармашылық…
Читать далее

Бөлісу/Поделиться:

«Өртпен ойнама, қауіп бар» тақырыбында түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді.

Балабақшамызда балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Өртпен ойнама, қауіп бар» тақырыбында түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді.№9,10 ересек топтар

Бөлісу/Поделиться:

Маңғыстау облыстық Қуыршақ театры келіп, «Ботақан» қойылымын сахналады

Маңғыстау облыстық Қуыршақ театры келіп, «Ботақан» қойылымын сахналады Балалар үлкен қызығушылықпен тамашалап, керемет әсер алды Қойылым өте әсерлі, мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор болды.Өнер ұжымына алғысымыз шексіз!

Бөлісу/Поделиться:

Бөбекжай ауласында №9 ересек топ балалардың шығармашылығын шыңдайтын ерекше сурет салу сағаты өтті.

Бөбекжай ауласында №9 ересек топ тәрбиешісі Жұбандықова Айдананың ұйымдастыруымен балалардың шығармашылығын шыңдайтын ерекше сурет салу сағаты өтті. Бұл жолы кішкентай суретшілер өздерінің қиялдарына қағаз бетінде емес, кең асфальт жолында қанат қақтырды. Балалар өз қолдарына түрлі-түсті борларды алып, асфальт бетін нағыз өнер алаңына айналдырды. Олар өмірдегі ең жылы, ең қастерлі бейнелерді суреттеп салды. 9 ересек тобы

Бөлісу/Поделиться:

Бөбекжайымыздың ауласында балалардың шығармашылық қиялын дамыту, танымдық белсенділігін арттыру мақсатында ерекше іс-шара ұйымдастырылды.

Бөбекжайымыздың ауласында балалардың шығармашылық қиялын дамыту, танымдық белсенділігін арттыру мақсатында ерекше іс-шара ұйымдастырылды.№6 ересек тобының тәрбиешісі Наурызбаева Кәмшат өз бүлдіршіндерімен бірге өткізді.Шараның ерекшелігі: Таза ауада, ашық күн көзінде өткен бұл шарада балалар «суреттің көлеңкесін түрлі-түсті акварельмен бастыру» атты қызықты әдісті қолданды. Балалар күн сәулесінен түскен түрлі пішіндер мен заттардың көлеңкесін қағаз бетіне түсіріп, оны өз…
Читать далее

Бөлісу/Поделиться:

Бөбекжай ауласында балалардың шығармашылық қиялын дамыту мақсатында №3 ортаңғы топ тәрбиешісі: Арманд Дина балаларымен бірге өте қызықты әрі ерекше шара ұйымдастырды.

Бөбекжай ауласында балалардың шығармашылық қиялын дамыту мақсатында №3 ортаңғы топ тәрбиешісі: Арманд Дина балаларымен бірге өте қызықты әрі ерекше шара ұйымдастырды.Шараның ерекшелігі:Тәрбиешілер балабақша ауласындағы темір шарбақтарға тағамдық үлдірді айналдыра орап, балалар үшін ерекшелеп дайындады. Алдымен бүлдіршіндер үлдірдің бетіне түрлі-түсті балықтарды жапсырып, өздерінің су асты әлемін құрастырды. Содан кейін балалар өздері қалаған ашық түсті акварель бояуларын…
Читать далее

Бөлісу/Поделиться:

«Бала және гаджет» тақырыбындағы баяндама

Наурызбаева К. бөбекжайда өткізген бұл «Бала және гаджет» тақырыбындағы баяндамасы мен ұсынылған бейнеролигі қазіргі таңдағы ең өзекті мәселені дөп басты. Тәрбиеші өз сөзінде заманауи технологиялардың өсіп келе жатқан ұрпаққа әсерін, оның ішінде гаджеттерге тәуелділіктің зияны мен оның алдын алу жолдарын жан-жақты көрсетіп берді.Баяндаманың басты мақсаты — мектеп жасына дейінгі балалардың ақпараттық технологияларды шамадан тыс қолдануының…
Читать далее

Бөлісу/Поделиться:

Таза ауадағы қызықты сәттер!Бөбекжайымыздың ауласында балалардың шығармашылық қиялын дамыту мен танымдық белсенділігін арттыру мақсатында ерекше іс-шара өт

Таза ауадағы қызықты сәттер!Бөбекжайымыздың ауласында балалардың шығармашылық қиялын дамыту мен танымдық белсенділігін арттыру мақсатында ерекше іс-шара өтті.№4 ортаңғы топ тәрбиешісі Бекмұханова Меруерт бүлдіршіндерімен бірге таза ауада серуендеп, қызықты дамытушылық ойын әрекеттерін ұйымдастырды.Мақсаты: Балалардың таза ауада қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру.Асфальт үстіндегі геометриялық пішіндер (шеңберлер) арқылы кеңістікті бағдарлауды үйрету. Бүлдіршіндердің логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Құрдастарымен бірлесіп ойнау арқылы…
Читать далее

Бөлісу/Поделиться:

«Балалар күніне жарығында жануарларды» көлеңкесі қағазға түсіріп, оны сүретке айналдырды

«Балалар күніне жарығында жануарларды» көлеңкесі қағазға түсіріп, оны сүретке айналдырды

Бөлісу/Поделиться:

Менің досым!

Менің досым! Бөбекжайымызда балалардың достық қарым-қатынасын нығайту және шығармашылығын шыңдау мақсатында №5 ортаңғы топ тәрбиешісі: Акгали Меирамкүл бүлдіршіндерінің қатысуымен «Менің досым» атты асфальтқа сурет салу іс-шарасы ұйымдастырылды. Ауладағы асфальт алаңы нағыз достық мекеніне айналды. Балалар қолдарына түрлі-түсті борларды алып, өздерінің ең жақын достарын, бірге ойнайтын ойыншықтарын, күн мен кемпірқосақты үлкен ықыласпен бейнеледі.

Бөлісу/Поделиться: