2026–2027 оқу жылы басталды!
2026–2027 оқу жылы басталды!
Жаңа оқу жылын бөбекжай ұжымы №1 педагогикалық отырыспен бастады.
Педагогикалық отырыс барысында жаңа оқу жылына қатысты маңызды мәселелер қаралып, алдағы жұмыс бағыттары айқындалды.
1. Жаз мезгіліндегі сауықтыру шараларын қорытындылау – балалардың жазғы кезеңдегі денсаулығын нығайту, таза ауадағы шынықтыру және сауықтыру жұмыстары сараланды.
2. Жаңа оқу жылының ерекшеліктері мен өзгерістері талқыланып, педагогтерге оқу-тәрбие үдерісіндегі жаңалықтар мен маңызды бағыттар таныстырылды.
3. 2026–2027 оқу жылына арналған жылдық жоспармен таныстыру жүргізіліп, алдағы оқу жылындағы негізгі міндеттер мен іс-шаралар жоспары қаралды.
Күн тәртібі мен ұйымдастырылған іс-әрекет (ҰІӘ) кестесі талқыланып, бекітілді. Бөбекжай педагогтары Актау қалалық білім бөлімінің Алғыс және Құрмет громатасымен марапатталды.
Педагогикалық отырыс – жаңа оқу жылына нақты мақсат қойып, бірлескен жұмысты жүйелі жоспарлаудың маңызды баспалдағы.
Жаңа оқу жылы берекелі, нәтижелі, шығармашылыққа толы болсын!
Ұжымымызға сәттілік, ал бүлдіршіндерімізге жарқын да қызықты күндер тілейміз




